Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШУАҚТЫ МЕЗГІЛ ЖЕТКЕНДЕ, КӨРІСУ КЕРЕК КӨКТЕМДЕ

ШУАҚТЫ МЕЗГІЛ ЖЕТКЕНДЕ, КӨРІСУ КЕРЕК КӨКТЕМДЕ

Бүгін Көрісу мейрамы. Жыл мезгілдерінің ішінде көктем көптеген қуанышты ала келеді. Оның ішінде, жер бусанып, табиғат түлей бастаған шуақты мезгілде қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірімен есендік сұрасып, көріседі, қауышады. Мұның өзі қазақ халқының бір-біріне деген мейінбандығы, жанашырлығы.
Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл  мерекені асыға күтіп, дастархан жаяды. Ағайын-туысының, танысының хал-жағдайын сұрап, көрісіп, дәм татқызады. Ұлыстың оң болып, ақтың мол болуына тілек білдіреді. Бұл Жаңа жылдың алдындағы есен-саулықты білу дәстүрі.

Е.БЕРКІНБАЕВ
14 наурыз 2018 ж. 1 299 0