АЛДИЯРДЫҢ АНАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде серпінді Сырдария ауданы бойынша бір нәресте дүниеге келді. 1 шілде күні сағат 15:30-да дүниеге келген Алдияр есімді сәбидің анасына бүгін аудан әкімінің атынан құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Құттықтау хат пен домбыра табыс етті.
Құттықтау іс-шарасына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы қатысты.
Құттықтау іс-шарасы барысында «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева сәбидің анасына қажетті киімдер топтамасын берді.
«Ұлттық домбыра күні» жарық дүние есігін ашқан сәбидің анасы Мөлдір Тілегенқызының қазіргі таңда жағдайы жақсы. 4 келі 50 грамм болып туған нәрестенің бойы 58 см. Анасы мен сәби ағымдағы аптада үйге шығарылуы мүмкін,- дейді денсаулық сақтау саласының мамандары.
Айта кету керек, «Ұлттық домбыра күні» дүниеге нәресте әкелген ананың бұл төртінші босануы. Сәбидің есімін Алдияр деп әкесі Мұхтар Махсумұлы қойған. Жалпы, жыл басынан бері аудан бойынша 350-ге жуық сәби өмірге келген.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2