Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллар көктемде қайтарылуы мүмкін

АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллар көктемде қайтарылуы мүмкін


АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллар алдағы көктемде қайта қолымызға тиюі мүмкін. Ол үшін ел үкіметі кепілдік нысанын ұсыну керек. Халықаралық рейтинг агенттіктері осылай жазып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Халықаралық қаржы нарығына зерттеу жүргізетін «SP глобал рейтингс» агенттігі жыр болған 22 миллиард 600 миллион доллардың наурыз айында бұғаттан шығатынын жазыпты. Бұл ақшаны Нью-Йорк Меллон банкі өткен жылдың соңына қарай шектеу қойып тастаған болатын. Молдовалық инвестор Анатолий Стати мен Қазқақстан үкіметінің арасындағы келіспеушілік кесірінен Ұлттық қордың осынша активі қыл үстіне түскенін айта кетейік. Бизнесмен сот арқылы 4 миллиард талап еткен еді. 2013 жылдың желтоқсан айында Стокгольм сотында үкім Анатолий Статидің пайдасына шешіліп, еліміз оның қалтасына 500 миллион доллар салып беруі тиіс болған. Бірақ, үкімет онымен де келіспей, Лондон соты арқылы оның күшін жойды. Ал Қазақстан үкіметінің келтірген мәліметтері мен сот шешімдеріне талдау жасаған халықаралық агенттік болса оң болжам жасап отыр.
23 қаңтар 2018 ж. 1 019 0