Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Бүгінгі таңда адам қозғалысының ажырамас бір бөлігі, ол әрине көлік. Ол өте күрделі механизм, оны пайдалана білу керек және үнемі күтімді қажет етеді. Автокөліктің әртүрлі бөлшектерін үнемі тексерістен өткізіп отырудан бөлек, көліктің өрт қауіпсіздігін де әрдайым бақылауда ұстау қажет.
Автокөліктегі қауіп қайдан пайда болады?
Жанғыш заттардың болуы, жануды болдыратын жағдайлар, жанудың шыққан жері – осылардың барлығы дерлік автоліктегі өрт шығу қаупін негіздейді. Кейде өрт электр тоғының қысқаша тоғысу себебінен шықпауы да мүмкін, тек қана көлік бөлшектерінің ысып кетуінен де өрттің пайда болу қаупі жоғары. Көліктегі өртті бірден байқауға болады. Жанармайдың иісі немесе кабинадан күйген резеңкенің иісі, алдыңғы қақпағы бөлігінен түтіннің шығуы – осының барлығы жану мен өрттің туындауының алғашқы белгілері болып табылады. Көліктің астына төгіліп жатқан отынды сөндіргенде, өрт сөндіргішті қолданып, көбікті немесе ұнтақты оғынан ортаға қарай бағыттаңыз. Өрт сөндіргішті ең қарқынды жанып жатырған бөлігіне бағыттаңыз немесе жалынды брезентпен, құммен, жердегі топырақпен, қармен басуға тырысыңыз, су құйыңыз. Үстіңіздегі киімдеріңіз май немесе қолыңыз жанармайға малынған болса, өрт сөндіруге кіріспеңіз, ол өте қауіпті болуы мүмкін. Жанған өртті тез өшіріп алу қолыңыздан келмесе, көліктен алысырақ жерге барып тұрыңыз, себебі жанармай құйылған ыдыс жарылып кетуі ықтимал. Жанып жатырған көлікке отырып, оны қыздыруға тырыспаңыз. Қауіпті аймақта (кем дегенде 10 м) адамдар болмауын қадағалаңыз және 101 немесе 112 номеріне хабарласып өрт сөндіру бөлімін шақырыңыз.

Ескертпе: Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Төтенше жағдайлар бөлімі

12 наурыз 2019 ж. 1 606 0