АЙТАРЛЫҚТАЙ КӨМЕК БОЛМАҚ
Жақында «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы тұрғындардың әлеуетін көтеру керектігін айтты. Оның ішінде, көп балалы аналардың, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсартуды атады. Сонымен бірге, кешегі күні әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету шараларын жеделдету қажеттігін тағы жеткізді. Мұндай жаңалықтарды зор қуанышпен қабылдадым. Өйткені, аса мұқтаж және көп балалы отбасыларға көмек көрсету арқылы мемлекеттің келешегі кемел болары анық. Тұрмысы төмен отбасылардың әлеуеті артқанда жағдайдың да жақсы болары белгілі. Оған қоса, көп балалы аналарға төлегентін және өзге де жәрдемақылардың, атаулы көмектің көбеюі тұрғындарға айтарлықтай көмек болмақ. Бұл қарқынмен дамып келе жатқан мемлекеттің халыққа деген ерекше қамқорлығы деп білемін.
Светлана Сатыбалдиева,
кент тұрғыны,
6 баланың анасы