Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗ ҮШІН ЗОР ҚУАНЫШ

БІЗ ҮШІН ЗОР ҚУАНЫШ


Көпбалалы аналардың мәселесі "Нұр Отан" партиясының әркез басты назарында. Жетекші партия ана мен балаға қолдау көрсету бағытында бұдан бұрын да көптеген жұмыстар атқарды. Бүгінгі съезде де бұл бағыттағы жұмыстар назардан тыс қалған жоқ.
"Аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам арендалық пәтерлер салынады" деді ел Президенті «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық съезінде. Бұл дегеніміз көптеген отбасылар баспаналы болады деген сөз.
«Баспанамен қамтамасыз ету жұмысын белсендіру қажет. Көпбалалы отбасылардың арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін 40 мыңнан астам арендалық пәтерлер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады», – деген Елбасы нақты тапсырмалар берді. Енді алдағы уақытта Мемлекет басшысы атап өткендей көпбалалы, толыққанды емес және кірісі төмен отбасылар үшін баспанаға қолжетімділікті арттырудың маңызы арта түседі.
Яғни, осы санаттағылар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық пайыздық мөлшерлемесі 2-3 пайыз болатын бағдарлама қабылдануы мүмкін. Ол үшін Партия Төрағасы ТҮҚЖБ-не қаржы қажет болса – 50 млрд теңге бөлуді жүктеді.
"Үйі жоқтың – күйі жоқ" дейді халық даналығы. Үйі болса, көптеген отбасылар демографиялық ахуалға да өз үлестерін қосады. Бұл дегеніміз қазақстандықтардың санының артуына тікелей әсер етеді. Сол себепті, Елбасының бұл қамқорлығы біз үшін ерекше қуаныш. Лайым, жетекші партия жұмысы жемісті болсын.
Жанат Сүлейменова,
"Алтын алқа" иегері, 
көп балалы ана
27 ақпан 2019 ж. 939 1

Lesengast от 16 маусым 2019 00:56
Purchase Isotretinoin Price In Internet order cialis online Propecia Erfolg Bromocriptine Buy Without Prescription