Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар бір ғана құжатты көрсету арқылы жәрдемақыны рәсімдей алады

Қазақстандықтар бір ғана құжатты көрсету арқылы жәрдемақыны рәсімдей алады

Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Аида Балаева тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін көмектің жаңа форматы туралы айтып берді. Оның сөзінше, ендігі жәрдемақыны рәсімдеу үшін бұрынғыдай бірқатар құжат жинаудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлік жеткілікті.

Тұрмысы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына баруы керек. Ауылдық жерлерде ауыл, ауылдық округтің әкіміне жүгінуі тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Ескі ереже бойынша, әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжат, банктегі шотының нөмірі туралы мәлімет, баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік және басқа да құжаттар қажет еді. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл процедура жеңілдетіледі. Ол үшін тек жеке куәлік қана қажет. 

«Жаңа ереже бойынша, халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауыл, ауылдық округ әкімдері өтініш берушіден қосымша анықтамалар сұрамайды. Тек ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда сұралатын болады. Басқаша айтқанда, жеке куәлігімен келіп, көмек туралы өтініш жазу керек», - дейді Аида Балаева.
06 наурыз 2019 ж. 795 0