Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Неке шарты дегеніміз не? Не үшін керек?

Неке шарты дегеніміз не? Не үшін керек?

Неке келісімшарты дегеніміз не? Не үшін керек? Қайда, қалай жүгіну қажет? Қандай талаптарды қамтамасыздандыратыны жөнінде anabol.kz жариялайды.
 
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.
Неке шартын кез-келген уақытта жасай аласыз. Яғни, Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады.

Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет?
Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Неке шартын жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екеуіне де нотариусқа бару қажет, өзімен бірге
  • Неке қию туралы куәлік.
  • Ерлі-зайыптылардың әрқайсының жеке басын куәландыратын құжат.
  • Егер шарт бұрын бар мүлікке қатысты жасалса, мүлікке құқықты белгілейтін құжаттар, сондай-ақ мүлікпен мәмілелерді рәсімдеуге қажетті басқа құжаттар (бұл қажет болған жағдайда әділет органының жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, бұл қажет болған жағдайда) болуы тиіс.
 
 
Неке шарты қандай жағдайларда күшін жояды?
 Неке шартын бірлескен келісім бойынша кез келген уақытта өзгертуге немесе бұзуға болады. Неке шартын бұзу немесе өзгерту туралы келісім неке шарты сияқты, яғни нотариуста жеке басын куәландыратын құжаттармен және жылжымайтын мүлікке құқықты белгілейтін құжаттармен ерлі-зайыптылардың екеуінің де қатысуымен жасалады.
 Неке шартын орындаудан бір тарапты бас тартуға рұқсат етілмейді, оның талаптарын ерлі-зайыптылардың екеуі де міндетті түрде
орындауы тиіс. Сондай-ақ егер келісімге бірлесе жету мүмкін болмаса, неке шартын сот шешімі бойынша бұзуға немесе өзгертуге болады.
09 тамыз 2018 ж. 1 827 0