Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нұр Отан» заманауи тұрпатты партияға айналды - сенатор

«Нұр Отан» заманауи тұрпатты партияға айналды - сенатор

«Нұр Отан» партиялық кеңістікте негізгі міндетін атқаруға қауқарлы болды. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы атап өтілуде. Осы өткен уақытта партия қазіргі заманғы өмірге лайықты деңгейде қалыптасу мен өзінің рөліне ие болу жолын еңсерді. «Нұр Отан» барша елмен бірге нығайды. Аталған мерзімде ол өзінің даму жолдарын, саяси өмірдегі рөлін тыңғылықты зерделеп, елдегі партиялық кеңістікте негізгі міндетін атқаруға қауқарлы болды.

Нәтижесінде, «Нұр Отан»  жаңа әрі заманауи тұрпатты партияға айналды, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарының тиімді жетекшісі бола алды», - деп атап өтті сенатор. Б. Жұмағұловтың пайымынша, бүгінде партия ел дамуында саяси маңызды тетіктердің бірі ретінде өзін көрсете алды.

Бұл тұрғыда Үкіметті қалыптастыруға қатысу, Қазақстан Президентінің бастамаларын алға ілгерілету бағытында елеулі үлес қосып келеді.

«Биыл 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтетіні мәлім. Осы шара барысында партияның саяси өмірге қатысу қадамдары, сонымен бірге, әлеуметтік әрі экономикалық даму және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне айрықша екпін қойылады деп ойлаймын», - деді Бақытжан Жұмағұлов.

25 ақпан 2019 ж. 735 0