Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ


Жақында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Туған жер» жобасын басшылыққа ала отырып, Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай   «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында жергілікті ақын Қуаныш Баймағамбетовтың өмірі мен шығармашығылына арналған
«Суырыла сөйлер сөз зергері - Қуаныш Баймағамбетов» атты поэзия үні өткізілді. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және сала мамандары қатысты.
Шараның  негізгі мақсаты жыл сайын жергілікті ақынның шығармаларын кеңінен насихаттап халыққа оқыту болып табылады. Аталмыш жобаның аясында биылғы жыл таңдауы бойынша  ұсыну негізігінде «Жыл кітабын» таңдауда ақын, жерлесіміз Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетовтың шығармашылығы таңдалдығын оқырмандарға дәріптеу еді.
 Ақын шығармашылығына арналған кешті аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Майра Балмағанбетова мен кітапханашы Сайра Сейтен жүргізіп, қаламгер өмірін жұртшылыққа таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшілік ықыласына бөленді.
Шара соңында  «Сырдың саңлақ сүлейі» атты кең көлемді кітап көрмесімен кітапханашы Гүлмайра Асан таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.
Б.ОРДАБЕКОВ
        

14 наурыз 2018 ж. 1 391 0

Ұқсас жаңалықтар: