КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ағымдағы аптада «Елбасының «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған аймақтық штаб құрамы Тереңөзек кенті және барлық елді мекеннің тұрғындарымен, кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өтті.
Елбасының Жолдауына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі деңгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 28284 теңгеден 42500 теңгеге дейін өсіруге қатысты бастамасын түсіндірді. Сонымен қатар, аудандық кірістер басқармасының өкілдерімен жиынға қатысушыларға «Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі-БЖТ) өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін қызметті оңайлатылған тіркеу режимі» бойынша ақпараттық-түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының өкілімен «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында «Бизнес-Бастау» бағыттары бойынша және қысқа мерзімді курстарды оқыту тәртібі туралы түсіндірмелер берілді.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолдану тәсілдері бойынша» аудандық денсаулық сақтау саласының жауапты тұлғасымен аталмыш жүйеге қатысты толық түсіндірмелер беріліп, салада болып жатқан өзгерістерге тоқталып өтті.
Ендігі жерде қалаған дәрігеріңізге көрінгіңіз келіп, аудандық емханада кезек күтіп уақыт жоғалтудың қажеттілігі болмайтынын айтылды. Себебі, DAMUMED ақпараттық жүйесін телефон арқылы көшіріп алып, осы жүйе арқылы дәрігерлердің жұмыс кестесі, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақырту, медициналық ұйым туралы толық ақпарат алуға толық жағдай жасалғанын жеткізді.
Кездесулер барысында қатысушылар күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты сауал қойып, тиісті сала мамандарынан тұщымды жауап алды.
«ТТ» ақпарат