Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЛАҚЫ КӨТЕРІЛЕДІ

ЖАЛАҚЫ КӨТЕРІЛЕДІ


Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28284 теңгеден 42500 теңгеге дейін өсіру тапсырылған болатын.
Сонымен қатар, аталған Жолдауда Елбасы «Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады және де төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін» - деп көрсетілген. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Премьер–Министрімен Үкімет басшысымен жергілікті атқарушы органдарға өңірлердегі барлық кәсіпкерлік субъектілеріндегі төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақыларын көтеру бағытында тиісті іс-шаралар қабылдау мәселесі қарастырылған болатын.
Жергілікті атқарушы органдар мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен тізімде көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері арасында Елбасы Жолдауын кеңінен насихаттап, оларды Елбасының еңбекақыны көтеруге қатысты бастамасын қолдауға шақыра отырып, қаржылық мүмкіндігіне қарай өз жұмыскерлерінің жалақы мөлшерлерін көбейтуіне ықпал ету қажеттілігі түсіндірілуде.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103 бабының 2 тармағына сәйкес осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.
ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін экологиялық апат аймағы бойынша – 1,5 экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 1,3 коэффициенті қолдана отырып, еңбекке ақы төлеу қаралған.
Яғни, аталған Кодекс пен Заң талаптарын ескере отырып, эко­логиялық қасірет аймағында жұмыс істейтін жұмыскерлердің айлық жалақысының ең төменгі мөлшері жоғарыда аталған коэф­фициенттерді қолдану есебімен, экологиялық апат аймағы бойынша (1,5) – 63750 теңгеден, экологиялық дағдарыс аймағы бойынша (1,3) – 55250 теңгеден кем болмауы тиіс.
Сондықтан, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің көбеюіне байланысты, жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің жалақы мөлшерін белгілеу барысында, жоғарыда аталған заңнама талаптарының сақталуы міндетті екендігі әрбір кент және ауылдық округ аумағындағы кәсіпкерлік субъектілерінің назарына жеткізілуде.
Сонымен қатар мемлекет саясатын түсіндіру мақсатында кә­сіп­орындардың ұжымдық шарттарына, жұмыс берушілердің іш­кі қолданыстағы актілеріне төменгі деңгейде жалақы алатын қыз­меткерлерге жалақы мөлшерінің көтерілуіне байланысты тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Нақты кезеңде «Мағжан и К» ЖШС, «Бесарық Жер» ЖШС, «С.Сей­фул­лин Жер» ЖШС, «Мади Қажы атындағы» ЖШС, «А.Тоқмағамбетов LTD» ЖШС-рі 2019 жылдың наурыз айынан бастап төмен жалақы алатын 97 жұмыскердің жалақысын көтеру жөнінде өз дайындықтарын білдіріп, ресми құжаттарын заңдылыққа сәйкес рәсімдеу барысында.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде орта және ірі кәсіпорындар арасында төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша анықтау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Сондықтан, аудан аумағындағы әрбір кәсіпкерлік субъектілері төменгі деңгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеруге байланысты Елбасының бастамасын қолдайды деп сенеміз.

Ернар Зұлқарнайұлы,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
АХАТ бөлімінің бас маманы
31 қаңтар 2019 ж. 932 1

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 17:33
Viagra Online Purchase Usa Achat Levitra En France Donde Comprar Cialis En Madrid buy sertraline no prescription Buy Celebrex From Canada