ЖАҢА ҚҰРАМ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңес құруға байланысты жұмысшы топты қалыптастырудың алғашқы отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың кезекті сессия төрағасы, жұмысшы топ басшысы Ж.Ембергенов төрағалық етті.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкесҚоғамдық кеңесті құруға байланысты жұмыс тобын қалыптастыру жөнінде хабарландырумекеменің интернет-ресурсына жарияланғандығын, аудандық мәслихатқа ұсыныстар келгендігі жайлы төраға айтып өтті.
Жұмабек Әшімұлы жұмыс тобы құрамына ұсынылғанкандидаттардың тізімімен таныстырды.
Атап айтқанда, аудан әкімдігінен Д.Байдушев, Н.Әбілдаев, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалынан Е.Жақып, С.Сейфуллин ауылының ардагерлер кеңесінен С.Мақпалбай және өзін-өзі ұсыну арқылы Ш.Елеусінқызы мен Б.Жанәлі кандидатуралары ұсынылды. Кандидатуралары мақұлданған жұмыс топ мүшелері мұнан соң алғашқы отырысын өткізді.
Күн тәртібіне Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындау туралы және аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы мәселелер қаралды. Жұмыс тобы тарапынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 мүшеден болсын деген ұсыныс түсіп, бірауыздан мақұлданды. Ал екінші мәселе бойынша 2019 жылдың 8 ақпан мен 21 ақпан күні аралығында коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтарға Қоғамдық кеңес құрамына өз кандидатураларын ұсынуға уақыт белгіленді. Бұл жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралында және аудандық мәслихаттың ресми сайтында хабарлама жарияланды. Сондықтан аталған уақытта келіп түскен кандидатураларды іріктейтін жұмыс тобы кезекті отырысында аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау (конкурс)өтіп, аудандық мәслихаттың сессия жұмысына конкурстан өткен кандидаттардан құралған құрам бекітілуге ұсынылатын болады.
Б.ЖАНӘЛІ