ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Бүгінде ауданда күрмеуі шешілмеген кез-келген мәселені Қоғамдық кеңес арқылы шешу бір жолға қойылған. Жан-жақты талқылау барысында жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріліп, шешімін табуға жағдай жасалды. Алғаш Қоғамдық кеңес республикалық Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде 2016 жылы құрылған болатын. Ал ауданда 2013 жылдан бастап іске кіріскен қоғамдық кеңес жұмысының тәжірибесі көптеген аймақтарға үлгі ретінде таратылды.
Осыған дейін аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 ақпандағы №376 шешіміне сәйкес кеңес құрамына 11 адам мүшелікке енсе, өткен жылдың қыркүйек айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қоғамдық кеңестің төралқа құрамы қайта сайланып, кеңес мүшелігі 15 адамға дейін көбейтілді. Қазіргі таңда қоғамдық кеңестің құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілделері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зейнеткерлер қамтылған.
Аудандық Қоғамдық кеңес құрылған жылдан бастап 58 отырыс өтіп, 102 мәселе талқыланған. Атап айтқанда, қоғамдық қабылдау – 12, қоғамдық рейд – 4, нормативтік құқықтық актілерді қарау – 35, жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар туралы – 21, аудан әкімі, орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларының есептерін тыңдау – 6 рет өткізілген. Жоғарыда көрсетілген мәлімет жылдың қорытынды жиналысында айтылды. Басқосу барысында келесі жылдың басты жаңалығы талқыланды. Жаңа жылдан бастап, Қоғамдық кеңестің құрамы өзгертіліп, қатаң талаптар енгізіледі. Заң шеңберінде біршама жаңартулар жүргізіледі.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ