Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚҰСТАРДЫҢ ҰЯСЫН ЖАСАП, ТАБИҒАТҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚҰСТАРДЫҢ ҰЯСЫН ЖАСАП, ТАБИҒАТҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Санаулы күндерден кейін табиғаттың ең шуақты мезгілі – көктем маусымы келетіні белгілі. Осыған орай, Сырдария ауданының оқушылары құстарға ұя жасап, табиғаттың көркі саналатын жаратылыс иелеріне құрмет көрсетті.
Аталған іс-шараны аудандағы №135 А.Тоқмағанбетов орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы ұйымдастырды.
Айта кету керек, орта мектепте «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында арнайы жоспар құрылған. Жоспарға сәйкес, орта мектеп ұжымы «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырды.
Мәселен, 5-6 сынып оқушылары құстарға қамқор болып, жем шашып, ұялар жасады. Оқушылар қолымен жасалған ұялар мектеп ауласындағы талдарға ілінді. Оқушылар алдағы уақытта да осы тектес іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
08 ақпан 2019 ж. 1 639 0