Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Жақсылық жасау, көмек көрсету, қайырымдылық іс-шараларға атсалысу – игі қасиет. Осы игі қасиетті бірлігі бекем сырдариялықтар өз жұмысына арқау етіп келеді.
Мәселен, ауданда аз қамтамасыз етілген отбасылар арзан бағада азық-түлік алатын "Әлеуметтік дүкен" жұмыс жасайды.
Аудандық Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2015 жылы аудан орталығынан ашылған «Әлеуметтік дүкен» аз қамтамасыз етілген 131 отбасындағы 615 адамды азық-түліктің 5 түрімен нарықты бағадан 30 пайыз жеңілдікпен, ал 7 және одан көп балалары бар отбасыларын 50 пайыздық жеңілдікпен қамтамасыз етіп келеді.
Бұл аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін үлкен көмек екені анық. Халық үшін тиімділігі мол осындай игі жұмыстар алдағы уақытта да үйлестірілмек.
07 ақпан 2019 ж. 1 446 0