Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтің әлеуетін көтерген тың жоба

Әлеуметтің әлеуетін көтерген тың жоба


Әрине, ауданда атқарылып жатқан ізгілікті істерді, жа­ ғымды жаңалықтарды айтудан біз жалыққан емеспіз. Әлі де айта береміз.
2015 жылы әлемді дағдарыс қыспаққа алып, небір қуатты мемлекеттердің тірсектерін ді­ рілдетті, небір алпауыттарды мойындатты. Ал, дағдарыс бү­йірден қысқанда Сырбойылық кә­сіпкерлер мен аудандық ме­ кемелердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударып, аз қамтамасыз етілген отба­ сыларға көмек қолын созды.
Бұл іске аудан әкімі Ғ.Қазантаев бас­тамашы болды. Осылайша, кәсіпкерлер, мұнай компаниялары қомақты қаражат, тонналап ұн, қант, май беріп жатты. «Көп түкірсе көл» – демекші, аудан­ да аз қамтамасыз етілген, асыраушы­ сынан айрылған, мүмкіндігі шектелген тұрғындардан тұратын 123 отбасындағы 544 адам үшін кент орталығында «Әлеу­ меттік дүкен» статусын иеленген ғимарат пайда болды. Бұған билік ешқандай қаулы шығарған жоқ. Тек бастама көтерді. Қалғандары қоштады. Осындайда «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген тәмсіл ойға оралады. Барлығы да ауызбірліктің арқасы.
– Шынында да сол кезде 123 отба­ сына қызмет көрсеттік, кейін бұл цифр көбейе берді, – деген дүкен меңгерушісі М.Сейпулова: – 2017 жылдың желтоқсан айындағы тізім 155 отбасындағы адам саны 774-ке жетті. Біз, негізінен, 5 түрлі күнделікті қажетті тамақ өнімдерін боса­ тамыз. Күріш, ұн, қант, шемішке май және ет. Баға сол 2015 жылғы деңгейде қалып отыр, – деді.
Иә, базар нарқы 2015 жылдан бері әлденеше рет қымбаттаса да әлеуметтік дүкен бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Бүгінде тек ет бағасы сәл қымбаттаған. Әлеуметтік дүкен жанында арнайы ко­ миссия жұмыс жасайды. Олар тізімдегі отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, зерделегеннен кейін тізімнен шығарады не болмаса қосады. Себебі, отбасындағы «тепсе темір үзетін» жігіттер жұмысқа орналасып, отбасы табысын есе­ лей түсуі мүмкін. Немесе, керісінше, келесі бір осындай көмекке зәру кісілер тізімге қосылып жатады.
Әлеуметтік дүкеннің тағы бір ерекшелігі 7 және одан да көп баласы барларға 50 пайыз, 4-5 баласы барларға 30 пайыз жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі күнде әлеуметтік дүкеннің игілігін 121 отбасынан 595 адам көріп отыр.
С.СҰЛТАНҚЫЗЫ
08 ақпан 2018 ж. 1 064 0