КӘСІПОРЫН КІЛТІ –БІЛІКТІ МАМАН
Еңбек ресурсын арттыру жолында кәсіби білімнің аясын кеңейту бүгінгі күннің басты талабы. Техника, өндіріс, қолөнер, ауылшаруашылығы тағы да басқа ауқымды салада сапалы жұмысты оңтайлы жүзеге асыру кәсіби маманның біліктілігіне тікелей байланысты. Қашанда тәжірибеге иек артатын кез-келген кәсіпорында жастардың үлес салмағын арттыру қажет. Осы ретте «Сырдария аграрлы-техникалық» колледжіне арнайы барып, болашақ мамандардың оқу процесімен танысып, кәсіптік бағытта жұмыс істеуге бейім жастардың талпынысын назардан тыс қалдырмауды жөн санадық.
Дәлізде кездескен әрбір студенттің білім алуға құлшысы зор екендігін аңғарғандай болдық. Колледж педагогтары кәсіби білімді теориялық, практикалық бағытта бір-бірімен ұштастырып барып, жан-жақты оқытады. Оқу орнында осы күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «Аспаз» біліктілігі, «Ферма шаруашылығы» мамандығы «Ауылшаруашылығындағы тракторшы-машинист» біліктілігі, «Пісіру ісі» мамандығы «Электр газбен дәнекерлеуші» біліктілігі, «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу» мамандығы «Модельер-пішуші» біліктілігі бойынша мамандарды даярлайды. Жалпы былтырғы жылы аталған мамандықтар бойынша 114 студент бітіріп, көбісі жұмысқа орналасқан. Колледжде «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы негізінде он айлық курсты тәмамдаған мамандар жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ кейбір мамандықтар бойынша «Дуалды оқыту» бағдарламасы шеңберінде көктем-күз айларында шаруашылықтармен екі жақты келісімшарт аясында студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді. Міне, саланың қыр-сырын меңгерген жас маман келешек сұранысқа осылайша ие болады.
Өндірістік тәжірибені көзімізбен көру мақсатында болашақ аспазшылардың аудиториясына кірген едік. Мұнда 25 студент оқиды екен.
Алғашқы кезекте 6 студент арнайы педагогтың нұсқауымен көкөністі, тағы да басқа тағамға қажетті азық-түлікті турау үлгісін үйреніп жатыр. Бұл асханадан талай маман тағамның сан түрін меңгеріп шыққан. Өндірістік оқу шебері Зина Қалжанова бұдан бұрын бітіріп кеткен шәкірттері қазіргі таңда кішігірім асханалар желісінде жұмыс жасап жатқандығын, бұдан бөлек олардың өздігінен кондитерлік өнім дайындап, сатылымға шығарып жүргендігін тілге тиек етті. Аспазшылардың арасында ер баланың кездесуі көңіл қуантады. Келешекте өз кәсібін ашуға бейімделген кез-келген азамат тәжірибесіне жүгініп, асханасына сапалы маманды тарта алады. Әңгіме барысында аспаздық саланың қыр-сырын үйреніп жатқан студенттердің талпынысына көз сүйсінді. Демек, мұнда келешек мейрамхана мен асхана желісінде халыққа өтімді тағам әзірлейтін сұранысқа ие маман иесі оқып жатқандығын аңғаруға болады. Бұдан кейін бізді өндірістік оқу шебері Алтын Қожақова күтіп алды. Оның тігін шеберханасында 16 студент білім алуда. Тәжірибелі маманның айтуынша күнделікті оқу процесінде практика мен теорияны ұштастырып, көптеген қолөнер туындысын жасап шығарады. Тігіншіліктің баспалдағы ине ұстаудан бастап, құрақ құрау, ұлттық нақыштағы киім үлгісін дайындау, түрлі матадан көйлек пішу секілді шеберлік сабағы үйретіледі. Жаңа үлгіні меңгере отырып, кез-келген матадан әдемі дүние шығару шеберлікке байланысты. Мұндай кәсіп түріне ер балалар да қызығушылық танытып отыр. Осы ретте өзге де тігін шеберханасының жұмыс жасау үлгісін үйрену мақсатында әрбір студентті тәжірибе алаңына апарып отырады. Аталған оқу өндірістері шағын бөлмеде жүзеге асса, қалған мамандық бойынша өндірістік тәжірибені өту сыртта, дәнекерлеуші құрал-жабдықпен қамтылған арнайы орында жүзеге асады. Ал, техника тілін игерген әрбір жас егістік даласында, диханшылардың ортасында нағыз еңбек майданында шынығады. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесі алдағы уақытта өз жемісін береді.

Біз байқаған тігінші, дәнекерлеуші, аспазшы, тас қалаушы, тракторшы-машинист – қоғам өмірімен тығыз байланысқан мамандық иеслері. Барлығында қажырлы күштің тетігі іске асса, еңбек өнімділігі айқын байқалады. Ендеше, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында дайын маманды тәжірибеде сынауда кез-келген кәсіпорын белсенділік танытса дейміз.
Б.ОРДАБЕКОВ