Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Газдандыру жұмыстары қарқын алуда

Газдандыру жұмыстары қарқын алуда

Жаңақорған ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда газбен қамтылған елді мекендер саны артып, жаңа ауылдарға газ жеткізу үшін құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұл - өңір халқының тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.

– Қазіргі таңда 8 елді мекен газдандырылып, аудан халқының 52 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Биыл тағы 7 елді мекен - Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газбен қамту жұмыстары басталды. Аталған жобалар аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін өседі. Ал елді мекендер бойынша қамту деңгейі 23 пайыздан 43 пайызға жетеді. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батыс жағалауында орналасқан Қожакент, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Билібай, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газдандыру мақсатында қажетті құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Бұдан бөлек, Бесарық ауылына автоматты газ тарату станциясын орнату және Түгіскен елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры мен ауылішілік желілерді тарту бойынша жоба әзірленуде. Бұл жоба жүзеге асқанда, 13 елді мекен - Түгіскен, Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл, Көктөбе, Бесарық, Кеңес, Бесарық бекеті, Манап, Талап бекеті және Аққұм ауылдарына көгілдір отын жеткізіледі. Газдандыру - тұрғындар үшін ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғастырамыз, - деді Мәжит Самитұлы.

31 шілде 2025 ж. 296 0