Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтулы жылдан не күтесіз?

Айтулы жылдан не күтесіз?


Жастар жылында көптеген өзгерістер болғалы тұр. Әсіресе, қоғам белсенділеріне арналған жылда жастар мәртебесін арттыру үшін жан-жақты жобалар іске аспақ. Оның ішінде, мен қызмет ететін медицина саласы жастарына да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осы орайда, әрбір жас дәрігер ел саулығын сақтауға қажырлы еңбек етуі тиіс. Кәсіби біліктіліктерін арттырып, халық денсаулығын нығайтуға сүбелі үлес қосу қажет. Бұл жылда жас мамандар «Дипорммен-ауылға» бағдарламасының игілігін көріп, қажеттеріне қарай баспанамен қамтылса игі деймін. Соның нәтижесінде, жастардың біраз мәселесі шешілетіні анық.
Гүлжазира ЕСЕНБАЕВА,
жас маман
01 ақпан 2019 ж. 716 0