Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

Қазақстан – әр ұлттың басын қосқан ғажап мемлекет. Бүгінде көптеген ел Қазақстанды өздеріне үлгі ететіні де бекер емес. Біз үшін бұл да мақтаныш. Сондықтан алғыс айту күні – біз жеткен жетістікті жастарға аманаттайтын жарқын мереке деп білемін.
Черкес ұлтының өкілі ретінде қазақ халқына алғысымды білдіргім келеді. Ата-бабамыз қаншама қиын-қыстау заманды басынан өткізіп, кезінде Қазақстанға қоныс аударды. Сол кезде қазақ халқы ешкімді жатсынбай, құшақ жая қарсы алды. Өздерінің соңғы бір түйір нанына дейін бөлісті. Қазақтардың өз отбасында көп бала болғанына қарамастан, черкес отбасыларына аса үлкен қамқорлық танытты. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Сол заманды үлкендеріміз көзіне жас алып, бізге үлгі ретінде үнемі айтып отыратын. Бүгінде міне, қазақ елінде тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сол үшін айтар алғысымыз шексіз!

Лариса БАВИЖЕВА,
черкес ұлтының өкілі
06 ақпан 2019 ж. 1 189 0