Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫТҚАН ҰЯ

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫТҚАН ҰЯ

Осыдан бірнеше жыл бұрын ел Президентінің Жарлығымен Алғыс айту күні белгіленген болатын. Бұл күн ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырына сәйкес көктемнің алғашқы күні болып белгіленді.
Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуы заңдылық.
Менің де ата-бабаларым репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықты, рухани қайсарлықты көрген жандар. Олар еш уақытта мұндай жақсылықты ұмытпақ емес. Ұрпақтарына айтып, қазақы қонақжайлылықты, дарқан пейілді айтудан жалықпайды. Киелі жерде көгеріп, көктеп, шаңырақ көтеріп, перзент сүйді. Сондықтан қазақ халқына риясыз алғысымыз шексіз. Мемлекетіміздің жарқын мерекесі саналатын айтулы күнді асыға күтіп, ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлаған қазақ халқына мың алғыс айту қасиетті парызымыз.

Татьяна КАЗКА,
украин ұлтының өкілі
06 ақпан 2019 ж. 840 0