Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде әйелдердің зейнеттік жасы ұзарды

Елімізде әйелдердің зейнеттік жасы ұзарды


Алматы, baq.kz. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеттік жасы тағы да артып, ол 59 жасты құрады.

Қазіргі кезде елімізде ер азаматтар зейнетке 63 жастан шығады. Зейнетпен қамтамасыз ету заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы әр жыл сайын 6 айға ұзарып отырады. 
Әйелдердің зейнеттік жасты 2018 жылдың 1 қаңтарында алғаш рет 6 аайға ұзартылған еді. Ол кезде әйелдердің зейнетке шығу жасы 58,5 жылды құраған. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 59 жасқа жетті. Келесі жылы 59,5 жылды құрайды. Осылайша әр жыл сайын 6 айдан қосылып отырады, 2027 жылы әйелдердің зейнеттік жасы 63-ке жетеді.
Сонымен қатар, еліміздегі нәзік жандылар 50 жастан зейнетке шыға алады, ол үшін қажетті соманы жинай білуі шарт. 2018 жылы ол сан 13,5 миллионды құраған. Кейбіреулері зейнетке ерте жастан шыға алады. Заңға сәйкес бұл норманы экологиялық қауіпті аймақта тұрғандар пайдалана алады, сондай-ақ бес бала тапқан немесе асырап алып, оны 8 жасқа дейін асырағандар 53 жастан зейнетке шыға алады.
https://baq.kz/
01 қаңтар 2019 ж. 968 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 02:15
Amoxil 875mg Buy Prescription Levitra Levitra In Canada Discount Code cialis 20mg for sale Viagra Precio Vademecum Forum Priligy 2 Buy Tadalis Sx

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 00:50
Propecia Generic Finasteride Hair Loss priligy farmaco generico Can Cephalexin Cure Chlamydia Buy Female Viagra In Australia