Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЕҢБЕК ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ 8 %-ҒА АРТТЫРЫЛДЫ.

2018 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЕҢБЕК ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ 8 %-ҒА АРТТЫРЫЛДЫ.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда  облысы бойынша  филиалы – «Халыққа бойынша қызмет көрсету орталығы»  департаментінің директоры Айнұр Тобаева мәлімдеді.
Сонымен қатар, ең төменгі зейнетақы көлемі - 49019 тенге, орташа зейнетақы- 71333 тенге, ал жоғарғы зейнетақы - 98247 тенге. Сондай-ақ, жәрдемақылардың басқа да түрлері 6 дан 16 пайызға дейін арттырылды.
"Келер жылы зейнетке 1960 жылдың бірінші жарты жылдығында дүниеге келген, орташа еңбек өтілі 18 жылды құрайтын әйелдер шығады. 1970 жылы дүниеге келген әйелдердің еңбек өтілдері 10 жылға тең, ал 1980 жылы дүниеге келгендерде еңбек өтілі мүлде болмайды. Әйелдер ерте зейнетке шыққанда барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. Біріншіден, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің зейнетке шығу жасы 53 жас боп қалады.
Екіншіден, Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақ Семей ядролық сынақ полигонында кемінде 5 жыл тұрған әйелдердің  зейнетке шығу жасы 45 жас.
Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қатысушылары үшін жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған кезде зейнетке 50 жылда ерте шығу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу құқына ие", - деді «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы»департаментінің директоры Салкадин Мырзабеков.
Жалпы базалық зейнетақының жаңадан тағайындалу әдістемесінің өзгеруі еңбек өтілі көп, бірақ төменгі зейнетақы мөлшерін (ең төменгі) алушы зейнеткерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Бүгінде ӘТВЕО бөлімшелерімен барлық зейнетақы ісі қаралды. Айта кету керек, қайта есептету үшін қосымша құжаттар зейнеткерлерден талап етілмейді.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 268 1

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 13:04
Bestellung Viagra cialis price Isotretinoin Next Day Delivery Discount Precios De Kamagra Donde Puedo Comprar Cialis