Азаттық шуағы
Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқанына да 26 жыл толды. Көк аспанда көк байрағымыз желбіреп, Тұңғыш Президент есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Әрбір қазақтың жүрегінде қуаныш, бақыт кернеді.
Талай ғасыр ата-баба арманы болған ұлы мұрат Тәуелсіздікке бейбіт жолмен жетуіміз -ұлт көшбасшысы Н.Ә Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білеміз. Бүгінгі күні мемлекетіміз өзінің даму жолын қалыптастырып, бағыт –бағдарын айқындады.
Дамыған мемлекеттермен бәсекелес іргелі елге айналды. Президентіміз белгілеген «Қазақстан-2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз.
Елбасымыздың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары Қазақстан мемлекетін нығайтуға, әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне жол ашады.
Бес институцианалды реформа кәсіби мемлекеттік аппарат құру,
заңнын үстемділігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру қазіргі таңда Қазақстан халқының ғана емес, әлемдік қоғамдық ойға қозғау салды десек те артық болмас. Аталған Ұлт жоспарының 98 қадамына сәйкес, селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Аудан бойынша халық саны 2000-нан жоғары 1 кент және 7 ауылдық округтер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттің IV деңгейі беріледі. IV деңгейі бюджеттің артықшылығы әр ауыл өзінің жылдық кірістер жоспарын белгілей отырып, кірістерге сәйкес шығындар жоспарын жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен жоспар жобасын әзірлеп, аудандық экономика бөліміне жолдайды. Ауылдардың бюджеттерін аудандық мәслихат бекітеді және нақтылайды. Бұл жерде IV деңгейі бюджеттің қаржысынан ауылдың көркейтуі мен әлауқатын арттыруға жағдай жасауға мүмкіншілігі зор. Сол себепті бюджетке түсетін төлемдерді төлеушілер уақытылы төлеп отырғандары жөн.
Қазақтың ұлылығы бауырмалдығында, бейбіт өмір сүйгіштігінде, даналығында. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтай білейік!
А.Маханбеталиев,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы