ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖОЛЫ
Бүгін Елбасы Н.Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жариялады. Мақаламен танысып, қазақстандықтар үшін тағы да жаңа жобаның тұсауы кесілді деген ойға келдім. Себебі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаланың жалғасы ретінде жарияланған мақала кең байтақ жеріміздің тарихынан сыр шертеді. Ғылыми деректер негізінде жазылған Ұлы даланың жеті қырын халқымыз міндетті түрде білуі тиіс. Ұлт тарихынан бастап, ата-баба дәстүрі, ежелгі кәсіп, мифология т.б. тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай өскелең ұрпаққа дара жол ашады.
Ел Президенті Тәуелсіздік жылнамасына сәйкес, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін "Архив – 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауды қажет деп таныды. Бұл ұлт тарихын санаға сіңірудің ең тиімді тәсілі болмақ.
Ауқымы кең мақала ұрпақтың келешегі үшін жасалған қадам екенін және төл тарихымызға оң көзқарас қалыптастыратынына сенім мол.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
"Сырдария ауданынының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы