ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ – ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНЫ
Тәуелсіз еліміз Елбасының сара басшылығымен кездескен қиындықтарды жеңе отырып, өркениетке қарай қарышты қадам басып келеді. Ұлт көшбасшысы Ұлы даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Бұдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және күні кеше жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары осы ойымызды дәлелдей түседі.
Ұлт көшбасшысы ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, елжұртты сынақтан, күрделі кезеңнен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетініне еш күмән жоқ.
Елбасы әрбір Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді үнемі басты назарда ұстап келеді. «Сыр – алаштың анасы» деп Ұлт көшбасшысы айтқандай 2011 жылы көрікті ауыл Н.Ілиясовта Тұңғыш президентпен кездесудің сәті түсті. Елбасы ардагерлермен емен-жарқын әңгіме құрып, еліміздің болашағы жарқын екенін айтты. Бұл кездесуден үлкен әсер алдым. Әлі де жиі еске алып, Елбасының көрегендігіне тәнті боламын.
Ибрагим ӘКІМЖАНОВ,
қаржы саласының ардагері.
қаржы саласының ардагері.