ҰЛЫ ДАЛА – МӘҢГІЛІК ЕЛ
Ел Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдете түсуге бағыталған жаңа міндеттерді жүктейді. Мақаланың «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімінде ұлтымыздың сан ғасырлық тарихынан жеткен «жеті қырын» анықтап көрсетеді.
Бұлардың барлығы біздің мемлекетіміздің тамыры соңғы отыз жылдың шеңберінде қалмай, одан әріден бастау алатындығын нақтылай түсу деген пікірдемін.
Ал, мақаланың екінші - «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде осы Ұлы даланың «қырларын» таныту, оның ішінде өзіміздің болмысымызды тану және оны басқа елдерге мақтанышпен таныту мақсатындағы нақты шараларды белгілеп берген. Жалпы алғанда, Елбасы мақаласының мақсаты – елдің бүгінгісі мен ертеңі үшін ұлттық патриоттық пен отансүйгіштік рухты көтеру деген ой қорытындыладым. Қазіргі қоғамды алға жетелеу үшін азаматтарымыздың негізге тірегі, берік өзегі болуы – сенімділікті арттырады.
Өзінің елі мен жері үшін асқан сүйіспешілікпен өмір сүретін, еңбек ететін адамдар – қоғамды жетелеуші күшке айналады. Осылайша, халықтың санасы жаңғыруы мен жаңаруы нәтижесіндегі адам капиталы қазіргі келеңсіздіктерден: сыбайлас жемқорлық, қылмыс пен ұрлық, алаяқтық пен тасжүректік сияқты толып жатқан дерттерге қарсы тұрады, азайтады немесе мүлдем болдырмайды деген сенімдемін.
Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, «Төрінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдаулары – барлығы Ұлы дала төсіндегі Қазақстанның Мәңгілік Ел болуы идеологиясын біріктіреді.
Мұрат ТӨЛЕГЕНОВ
№126 орта мектебінің директоры