Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛА ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

БАЛА ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК


«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» деген тәмсілдің астарында біраз дүние жатыр. Қоғам назарын аудартқан кезекті мәселе жасөспірім қылмысы деңгейінің күрт өсуі. Жастардың әлеуметтік жағдайы тұрақты болмағаннан кейін өздігінен қылмыс жасауға бейімделеді. Отбасындағы тәрбиені бір арнаға ұштастырып, ұғындыру ата-ананың басты міндеті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев отбасы тәрбиесі туралы кеңінен айтты.
Аудан прокуроры Е.Алмазұлы жастарды құқық бұзушылыққа итермелейтін кез-келген фактордың алдын-алу қағидатын ұтымды ұйымдастыру керектігін айтты. Демек, жасөспірімдердің қызығушылығын арттыратын үйірме жұмысы, мәдени-көпшілік шараны, тағылымды кездесуді үнемі өткізіп отыру, мінез-құлқы қиын баламен жұмыс жасау жолдарын қарастыру керектігін тілге тиек етті. Жалпы алғанда ауданға қарасты үлкен 4 мектепте ғана инспектор жұмыс жасайды. Кездесуде Е.Сағидуллаұлы алдағы уақытта әр ауылдағы мектепті 10 күнге бақылап, зерделеу мақсатында қызметкер бөлетіндігін сөз етті. Оқуды бітіріп, жұмыссыз бос жүрген жас­тарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен байланыс орнатып, қызметке орналастыру жағын қарастыру керек. Себебі, бос жүрген әрбір жастың теріс жолға түсер-түспесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Маскүнемдікке салынған жағдайда топтық төбелеске, ұрлыққа, қоғам тыныштығын бұзуға бірден-бір себепкер атанады. Сондықтан аудан көлемінде мезгілсіз ішімдік сатуға тоқтам салу қажет.
Мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың түнгі мезгілде жүруін қадағалауда мектеп мұғалімдері жұмыс жасайды. Кейбір ауылда түнгі уақытта мешітке баратын балалардың тізімі жасалып, мектеп директоры мен ауыл имамының назарында болуы тиіс екендігі ескертілді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 қараша 2018 ж. 1 732 0