Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН - ЕЛБАСЫ

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН - ЕЛБАСЫ


1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді.
Осы мерекеге орай, бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде «ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН - ЕЛБАСЫ» атты салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты шарада ең алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандардың ант қабылдауымен басталды.
Осыдан соң, аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров сөз алып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады және мереке қарсыңында бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Шара барысында Елбасының жүріп өткен жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен қорытындыланды.

30 қараша 2018 ж. 776 0