Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШПЕНДЕЛІ ХАЛЫҚ – АСЫЛ МҰРАСЫ

КӨШПЕНДЕЛІ ХАЛЫҚ – АСЫЛ МҰРАСЫ


Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала Елбасының осыдан бір жарым жыл бұрын жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жалғасы деп білемін. Мақалада атқа міну мәдениеті жайы айтылған. Әрбір қазақ жылқыны малдың патшасына теңеген. Сол себепті де қазақ жылқыны қадірлеген. Тарихтан белгілі ел қорғаған атақты батырлардың тұлпарлары да өздері секілді құрметке ие болған. Бұл  сәйгүліктер эпостық жырларда, халық ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Халқымыз атақты тұлпарлардың, бәйге аттарының, батырларға серік болған сәйгүліктердің етін ешқашан да жемеген. Керісінше қадірлеп жерлеген. Ер қанаты – ат демекші атқа міну дәстүрі сонау ерте заманнан келе жатыр десек қателеспейміз. Себебі қазақ бар ғұмырын аттың үстінде өткізген көшпенді халық. Сондықтан да бұл дәстүр көшпенділер әлемінің "мәдени кодының" айрықша элементі болып қала бермек.

Қанатбек ӘБІЛҚАСЫМ,
еңбек ардагері
21 қараша 2018 ж. 930 0