Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МҰҒАЛІМДЕР МӘРТЕБЕСІНЕ МӘН БЕРІЛДІ

МҰҒАЛІМДЕР МӘРТЕБЕСІНЕ МӘН БЕРІЛДІ


Елбасы Н.Назарбаев жыл сайын өзінің кезекті Жолдауын жария­лайтыны баршамызға белгілі. Кез келген салаға баса назар аударып, өз қамқорлығына алатын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында тосын сыйға толы жаңалықтар айтылды. Педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданатынынан хабардар болған біздерге үлкен қуаныш болды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. «Бір әріп үйреткен адамға қырық жыл сәлем бер» деген дана халық екенімізді ұмыта бастаған едік. Енді, сол олқылықтың орны толатын сәт туғандай. Келер жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданады. «Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек. Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту керек», – деген болатын Елбасы. Жоспар құрылды, нақты тапсырмалар берілді. Мағжан ақын айтқандай, Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі болатын күн туды. Ол үшін келер жылы қабылданатын заң барша ұстаз атын арқалаған жандардың құқығын қорғайды. Мұнымен қоса алдағы жылдан бастап жалақының 35 пайызға көтерілуі де мемлекеттің ұстазға деген құрметінің белгісіндей. Қағазбастылықтан айы­рылмаған мұғалімдер қауымының енді белсене білім беріп, бала тәрбиесі жолында талмай қызмет етері сөзсіз.

Роза БЕКСЕИТОВА
№37 мектеп-лицейінің мұғалімі
10 қараша 2018 ж. 1 081 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 20:02
Lady Era Bestellen Viagra 100mg viagra Impotence

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 12:41
Cialis Necesita Receta Medica viagra Klebsiella Amoxicillin Compro Viagra Senza Ricetta Purchase Finasteride Without Rx