Өзекті мәселелер шешімін таппақ
Биылғы жылы мұғалімдер күні қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауын бүкіл ел жұртшылығы, соның ішінде ұстаздар қауымы үлкен қанағаттанғандық сезіммен қабыл алды. Өйткені, Жолдауда барлық салалармен қатар білім саласын дамытуға арналған бірқатар өзекті мәселелер қамтылған. Атап айтатын болсақ Елбасы «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген. Қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн» деп атап өтті. Елді жасампаздыққа бастайтын Жолдау көпшіліктің көңілінен шығып, мемлекетімізді өркениетке бастайтын бірден-бір құжат екені анық. Жолдау қашанда ізгліктің жаршысы, жаңа істердің бастамашысы.
– Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар мектептен қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылады. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет, – деді Елбасы. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлемек. Бұл елімізде білім саласын дамытуға алғышарттар жасап, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы атмосфера қалыптастыратын болады.
А.ІЗБАСАРОВА,
ардагер-ұстаз
ардагер-ұстаз