Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептер үшін 4 мың бейнебақылау камерасы сатып алынбақ

Мектептер үшін 4 мың бейнебақылау камерасы сатып алынбақ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларын орындау үшін білім саласында қандай жұмыстар атқарылады. Жоспарлы жұмыстар туралы Президент Жолдауын талқылауға арналған ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.
Министр мектеп және мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін ҚР БҒМ әкімдіктермен бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және бірыңғай біліктілік талаптарын енгізуді қамтитын Жол картасын дайындайтынын айтты. «Мектепте бұл іс басталып кетті. Биыл ұлттық біліктілік сынағы енгізілді. Аттестациялау нәтижесінде 34 мыңнан астам мектеп мұғалімі сәйкес біліктілік санаттарына ие болды. Бұл ұстаздарға қосымша төлем 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төленіп жатыр. Жалпы, қосымша төлем мұғалім санатына қарай 30%-дан 50% аралығында өзгереді», - деді Ерлан Сағадиев. Білім беру саласы кесте бойынша халықаралық стандарттарға көшіп жатыр. 2019-2020 жылдары барлық бағалау жүйесі PISA, SAT, AST стандарттарына көшірілмек. Бұдан өзге, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын азайту жұмысы жалғасын табады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларды 100% бейнебақылау камераларымен қамту шаралары қолға алынады. Шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы сатып алынбақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленеді. Заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін ынталандыру тетіктері, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту мәселелері көрініс табады. Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптар әрі қарай күшейетінін жеткізді. Еске сала кетсек, 2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен еді.
07 қазан 2018 ж. 1 148 2

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 16:49
Stendra (Avanafil) Tablets Buy Super Kamagra gen health levitra Acheter Cialis 20mg En France Accutaine Acquistare Viagra Pfizer

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 17:41
Cialis 60 Mg Prices generic cialis How Long Does It Take For Zithromax To Work