Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » КЕУСЕН ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРДЫ

КЕУСЕН ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРДЫ


Ертеде Сыр бойында өмір сүрген Әлішы­нар есімді диқан әрдайым егін егеді екен. Жаз шықса бау-бақшасын күтіп-баптап, күзде өнімдерін жинап алады. Өзінің ішіп-жемі мен тұқымдығынан артылған астықты ел-жұртына таратып, халықтың алғысын алыпты. Адамдарға істің көзін үйретіп, кәсіпке баулыпты. Ең бірінші рет «кеусен» деген дәстүрді ойлап тауып, өзеннен су тартудың да жөнін білген осы кісі деседі.
Міне, осындай қайырымдылық көмек көрсету бүгінде өз жалғасын тауып жатыр. Бұрнағы күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен кенттегі тұрмысы төмен он бес отбасыға арнайы көмек көрсетілді. Аталған шара барысында әрбір отбасыға картоп, пияз, сәбіз, күріш секілді ауыл шаруашылығы дақылдарынан азықтарды үлестірді. Ата дәстүрді жалғаған бұл шара әлі де жалғасын табады.

Майя БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
02 қараша 2018 ж. 938 0