Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ МӘСКЕУ ТӨРІНДЕ

СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ МӘСКЕУ ТӨРІНДЕ


Сыр елінің бір топ журналистері Мәскеу қаласында іс-сапарда жүр. Облыс әкімдігінің қолдауымен барған аудандық басылым   бас редакторлары мен журналистері Ресей елінде өтіп жатқан «Цифоровые трансформации СМИ: региональный,  национальный и глобальный аспекты» тақырыбындағы кофренцияға қатысып жатыр.
 Сапар барысында Сыр журналистері Әлия Молдағұлова атындағы №402 гимназияға барды.  Мұнда мектеп мұражайымен танысып, журналистика мамандығына түсуге қызығушылық танытқан оқушылармен кездесу өткізді. Сонымен қатар Ваганьков мазарына жерленген Ғани Мұратбаевтың зиратының басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Рухына арнап, құран оқыды.  Бұдан бөлек олар Мәскеу қаласының көрікті жерлерін аралады. Ертең секциялық оқу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Балтабай   ОРДАБЕКОВ
25 қазан 2018 ж. 930 0