Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ


Қыр астында қыс қылтиып тұр. Оны айтпағанда, қазірдің өзінде күн әжептәуір салқындады. Қабат-қабат киінбесек те, қалың киімдерді шығара бастадық. Бұл жайдары жаздың бітіп, қоңыр күрең күздің салқыны басталғанын білдірді. Соған орай, жылу маусымының да кезеңі келді.
Ауданда 14 қазаннан жылу беріле бас­тады. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәліметінше, қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 102 нысан бар. Олардың 55-і сұйық отынмен, 47-і қатты отынмен жылытылады. Осы мекемелерді жылумен қамтамасыз ету үшін 2018-2019 жылға 3 229 тонна қатты және 2 252 тонна сұйық отын сатып алуға тиісті қаржы бөлініп, оны жеткізіп берушілермен шарттар жасалған. Бүгінде отын қоры қойма сыйымдылығына сәйкес нысандарға толық түсіріліпті.
Сондай-ақ, елді мекендерде әлеуметтік нысандардың және аудандық орталық ау­ру­хананың жылу жүйесін, қазандығын қа­таң бақылауда ұстау үшін кезекшілік ұйым­дас­тырылып, назарға алынған.
Одан бөлек, аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтуға да толық жағдай жасалуда. Бүгінгі күнде аудандағы көмір жеткізуші «Углесбыт», «Нұргүл», «Нұрдаулет», «Матаев» кәсіпкерлерімен және жеке тұлғалардың жүк көліктерімен 16 мың тонна қатты отын жеткізілген. Қазіргі уақытта тасымалдаушылар қоймасында 1 477 тонна көмір қоры бар. Яғни, әзірге ауданда қатты отыннан тапшылық жоқ.

Е.БЕРКІНБАЕВ
20 қазан 2018 ж. 820 0