Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АУДАН ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ЖОҚ

АУДАН ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ЖОҚ


Сырдария ауданы бойынша барлығы 102 нысан бар. Оның ішінде білім саласы бойынша 38, мәдениет және спорт салалары бойынша 27, денсаулық сақтау саласы бойынша 17, және басқа да 20 мемлекеттік мекемелер.
Нысандардың 55-і сұйық отынмен, 47-і қатты отынмен жылытылады. Отын қоры қойма сыйымдылығына сәйкес 100 пайыз түсірілген.
Әлеуметтік нысандар толығымен жылу беру маусымына дайын. Сонымен қатар, 2018 жылдың 15 қазанына «Углесбыт», «Нұргүл», «Нұрдәулет», «Матаев» кәсіпкерлерімен және жеке тұлғалардың жүк көліктерімен 12 548 тн. қатты отын жеткізілген.
Қазіргі уақытта тасымалдаушылардың қоймаларында 1 477 тн. көмір бар. Жоғарыда аталған тасымалдаушы мекемелермен 24,2 мың теңге көмір жеткізуге меморандум жасалынған және аудан тұрғындарының арасында көмір тапшылығы жоқ.
2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымы жоспарға сәйкес аудан бойынша 14 қазан күні басталды.
17 қазан 2018 ж. 1 186 0