Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Жуырда ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев пен Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектың қатысуымен алдағы жылыту кезеңіне дайындық мәселесін талқылаған селекторлық жиын өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті өкілдері де қатысты.
Селекторлық жиында Энергетика министрлігінің, инвестициялар және даму министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «КазтрансГазАймақ» АҚ, «Интергаз – Орталық Азия» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалдары», Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының жылыту кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды.
Электр станциялардың, электр беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары жүйелік оператормен берілген өндіру-тұтыну режимін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.
Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда облыс әкімдіктеріне бақылау мен қамтамасыз ету үшін:
1)Энергетикалық кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарының мерзімін сақтау;
2)Энергия өндіруші ұйымдарда отын жинау;
3)Отын жүргізушілердің алдындағы берешекті өтеу;
4)Теміржол түйіндеріне көмір жеткізу кестесінің және халыққа бөлшек алаңдарында көмірді сатудың орындалуына, сонымен қатар отынды алдын ала дайындау бойынша халықпен түсіндіру жұмысын жүргізу;
5)Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне көмір жеткізу кестесін орындау бойынша апталық ақпаратты мерзімде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жылыту кезеңіне дайындығы және өтуі бойынша айын екі рет (2 және 16 күндері) беру тапсырылды.
Жылыту кезеңіне дайындығы мен өтуіне бақылау және үйлестіру энергетика вице-министрі Б.Ақшолавқа және Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р.Склярға жүктелді.
Соңында министр қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұрат УЛЕКОВ,
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

30 тамыз 2018 ж. 1 015 0