Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұжым болып талқылады

Ұжым болып талқылады


Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, ҚазақстанРеспубликасы Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 05-қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өткізіліп, басқарма мамандары арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Нұрсұлтанова Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, ІV бөлім «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» мемлекетік қызмет  саласына қатысты жолдарын тарқатып айтты.
Келесі кезекте сөз алғандар басқарманың бас маманы О.Сәрсембай - II.«Тұрмыс  сапасын арттыру» саласына қатысты және бас маман – заңгер Ж.Қасымханов - ІV.«Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» мемлекетік қызмет  саласына қатысты сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес» туралы бөлігіне тоқталып, хабарлама жасады.
Жиналыс соңында Жолдауда көрсетілген басымдықтар бойынша талқылау жүргізіліп, басқарма мамандары өз ойларымен бөлісті. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жетекші маман Ж.Бисенбай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
Жиналысты қорытындылай келе басқарма мамандары ҚР Президентінің Жолдауы негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруы бағытында жұмыстар жүргізілетініне сенім және Жолдауға толықтай қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.


Б.ЖАНӘЛІ
16 қазан 2018 ж. 759 0