Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ


Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында Сәкен Сейфуллин ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.
Ауылдағы "Құндызды май" шаруа қожалығының жаңадан іске қосылған қырманында егіншілермен кездескен аудан басшысы шаруашылық жұмысымен танысты.
Шаруашылық төрағасы Б.Рақмет егілген егін көлемі, егін жинау науқаны және алдағы мақсат-міндеттер жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауын ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері ыстық ықыласпен қарсы алғанын жеткізді.
– Әрбір Жолдау – бұл ең алдымен тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын бағамдайтын маңызды стратегиялық құжат. Елбасы өткен жылы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялап, алдымызға нақты міндеттер қойған болса, биылғы Жолдауында сол міндеттерді тиімді іске асыруды жалғастыра отырып, ел экономикасын жаңа белеске көтеру көзделген. Жолдауда атап көрсетілген басымдықтардың қай-қайсысы да еліміз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл Жолдау халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа әлемге, яғни өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады,-деді аудан басшысы.
Өз кезегінде аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Н.Оразбекұлы Жолдауда жаңа белеске жетудің тың талаптары топтастырылғанын айтса, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еліміздің кемел келешегін қамтамасыз ету – Елбасы саясатының басты бағыты екендігін атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі егіншілердің жауапты жұмысына жеміс тілеп, егін жинау науқанын табысты аяқтауға тілектестігін білдірді.
10 қазан 2018 ж. 1 225 0