ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АЙТУЛЫ АУЫЛДА
Жақында Елбасының «Төртінші
өнеркәсіптік
революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол-
дауы аясында аймаққа келген халық
қалаулылары республикаға белгілі
Н.Ілиясов ауылына іссапармен келді.
ҚР Парламенті Сенатының депутатта-
ры, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым
комитетінің өкілдері Бірғаным Әйтімова,
Серік Бектұрғанов, Мұрат Бақтиярұлы,
Сергей Ершов, Бақытжан Жұмағұлов, Ди-
нара Нөкетаева, Нариман Төреғалиевті
аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев
пен аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова
күтіп алып, ауылдағы әлеуметтік нысан-
дар жұмысымен таныстырты.
Сенаторлар алдымен мәдениет
үйіне барып, онда атқарылып жатқан
жұмыстарды көрді. Мәдениет үйінде
орналасқан 19 000 мың кітап қоры бар
кітапхананы аралап, ауылдағы «Әжелер»
ансамблінің ән шашуын тамашалады. Мұнан соң тарихы сонау «Хан мектебінен» бастау алатын
тағлымды білім ұясына барып, білім ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Әрі қарай Алланың
үйі саналатын мешітке барып, әруақтарға арнап Құран бағыштады. Ауылдың су бұрқағы өз алды-
на, ал шоқ-шоқ гүлдері қараған жанның көз жауын алары хақ. Ауылдың керемет көрінісін тамаша-
лап, спорт кешенді аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрді. Әкімшілік нысанының да
жұмысына оң баға берген халық қалаулылары егістік басына барды. Мұнда күріштің қалай орыла-
тынын тамашалап, қырмандағы үйілген астықты, ондағы жұмыс барысымен танысты.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ