Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – АЙДАРЛЫДА

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – АЙДАРЛЫДА


Өткен сенбіде Айдарлы ауылына амбулаториялық - емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының медицина мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманымен бірлесіп құрылған мобильді топ кезекті мамандандырылған көмек көрсету мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында туу жасындағы әйелдер, егде жастағы кісілер, жүрек қантамыр аурулары және тағы да басқа диагноздарымен кардиолог, онколог, маммолог, психолог, терапевт, акушер-гинеколог , ерлерді қарау кабинетінің фельдшері ауыл тұрғындарына мамандандырылған көмек көрсеткен болса, емхана операторы, эпидемиолог көмекшісі, Скрининг дәрігері, бас акушерка амбулатория қызметкерлеріне КМАЖ жүйесі бойынша және тағы да басқа қосымша ақпараттық көмек көрсетті. 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы дәрігерлерге көрінуге келген пациенттермен Дұрыс тамақтану, Артериалды гипертонияның қауіпті факторлары және МӘМС жүйесі туралы ақпарат беріп, үнпарақшаларын таратты.

Б.ЖАНӘЛІ
10 қазан 2018 ж. 1 014 0