Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ ҚАЗЫНАЛЫ

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ ҚАЗЫНАЛЫ


«Жасыңда жалықпасаң – қартайғанда тарықпайсың» – деген халық сөзі қашанда көпті көрген, аянбай жасынан еңбек еткен қарияларға қарата айтылған секілді. Ел ішінде абыройға кенелген қарттарымызды құрметтеу арқылы болашағымызды бағдарлай аламыз. Жақында аудандық жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен, аудандық ардагерлер кеңесі және «Болашаққа қадам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданның 90 жылдығы қарсаңында 80-90 жасқа келген қарттармен «Қарттар тарих, шежіре» тақырыбында кездесу өткізілді. Оған ҮЕҰ төрағалары, ардагерлер сала мамандары, тұрғындар қатысты.
Шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева ашып, 80-90 жасқа келген қарттарды мерейлі жастарымен құттықтады. Бүгінде сексен-тоқсан жасты алқымдаған ардагерлерге аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, еңбек ардагерлері Р.Байменов, В.Санин сөз сөйлеп, жасалып жатқан сый-құрметке алғыстарын жеткізді. Кездесу барысында аталмыш ұйым төрағалары өзге ұлт өкілдеріне де құрмет көрсетті. «Болашаққа қадам» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Әбдуова бірқатар ардагерлерді марапаттап, арнайы сыйлық ұсынды.
Концерт барысында аудан өнерпаздары ән шырқап, күмберлете күй тартты.
***
Шарадан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кент орталығында тұратын қарттардың отбасына барып, сый-құрмет жасады.
Б.ОРДАБЕКОВ

06 маусым 2018 ж. 1 535 0