Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PISA ЗЕРТТЕУІ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PISA ЗЕРТТЕУІ БАСТАЛДЫ


Бүгін Қызылордада білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA-2018 халықаралық зерттеуі басталды. Зерттеу бүгіннен бастау алып, 14 мамырға дейін жалғасады. 

PISA (Program for lnternational Student Assessment) халықаралық зерттеуі 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын Адам дамуының индексі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу оқушылардың білімдерін 3 бағытта (математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы) бағалайды. Қазақстан PISA зерттеуіне 2009 жылдан бері қатысып келеді. 
Бұл зерттеуге кездейсоқ іріктеліп алынған 27 мектеп пен 8 колледждің 15 жастағы білім алушылары қатысады. Бүгін зерттеудің алғашқы күнінде химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім алушылары компьютерлік форматта тест тапсыруда. 
Сонымен қатар, оқушылардың жаратылыстану-математикалық білімберудің сапасын анықтайтын ICILS зерттеуі, компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты анықтайтын TIMSS зерттеуі жүргізіледі. Барлығы 43 білім беру ұйымдарының 1449 білім алушылары қатысады деп жоспарланған.
02 сәуір 2018 ж. 1 444 0