Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айгүл Иманбаева өзіне үлкен жерден “кресло” ұсынылғанын ашық айтты

Айгүл Иманбаева өзіне үлкен жерден “кресло” ұсынылғанын ашық айтты


Айгүл Иманбаева өзіне үлкен жерден орын ұсынылғанын ашық айтты. Алайда ол ар-намысын биік қойғанын, сондықтан да үлкен қызметтен бас тартқанын атап өтті.

“Арың мен намысыңның құлы бол деген тілек-бата бар ғой. Қолдан келгенше аттамауға тырысасың. Сол дүниені аттағанда мен қазір жоқ дегенде мәдениет министрлігінде болмаса үлкен “креслода” отырар едім. Ондай мүмкіндік те, ұсыныс та талай болған. Моральдық тұрғыдан қараған кезде аттай алмаған дүниеден, маңдай тер мен еңбек, өзіңнің адалынан бар тапқан табысыңа жүгінесің. Бірақ оның нәтижесі тіпті тәтті екен. Оны енді сезініп жүрміз. Ал сол кездерде “неге сөйтпедім?” деген кездерім болды. “Маған сондай ұсыныс жасап еді ғой, неге қабылдамадым? Әттеген-ай” деген күндерім де болды”, – деген Иманбаева әр нәрседен жақсылық іздеуге болатынын айтты.
Актрисаның айтуынша, ары таза болғандықтан, бүгінде ол анасы мен ұлының, туған-туыстарының жүзіне тік қарай алады.
“Оның қайыры – қазір баламның алдында ашық-жарқын жүзім мен абыройым, анамның, ағайын-туысымның алдындағы абыройым – осы дүниеге әкелген екен деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Айгүл.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 650 0