78 жастағы ер адам әйгілі Мэрлин Монроның өліміне қатысты шындықты айтты
Кезінде ЦРУ қызметкері болған Норманд Ходжес ауруханада жатып, өзінің өміріндегі ең таң қаларлық оқиғаны айтып берді. Өзінің 78 жаста екендігіне қарамастан болған оқиға бүге-шүгесіне дейін есінде қалған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
41 жылы бұл адам ЦРУ қызметкері болған және де қауіпсіздік қызметінің ең мықты да беделді қызметкері болған. Нормандтың айтуынша, ол тапсырыспен адам өлтіретін болған, оның негізгі міндеті – өз еліне қауіп төндіретін адамдардың көзін құрту еді. Олардың көпшілігі – түрлі саясаткерлер, БАҚ өкілдері, белсенділер мен ғалымдар болды. Белгілі болғандай, Норманд 37 адамды тапсырыс арқылы өлтірген. Осылардың ішінде ол тек бір қылмысы жайында ғана еске алады.
Ол – әйгілі Мэрлин Монро еді. Оның көзін құртудағы басты себеп – Мэрлин Монро АҚШ еліне қауіп төндіретін тұлға еді. Сонымен қатар, Мэрлин Монро Кеннедидің ашынасы бола жүріп, Фидель Кастромен де көңіл жарастырған. Дәл осы факті актрисаның көзін құртуға себеп болды.
«Джимми Хейворт есімді командир бұл өлімді өзіне өзі қол салған секілді етіп ұйымдастыру керектігін айтты. Мен ешқашан да әйел адамдарды өлтіріп көрмеген едім, бірақ өз елім үшін мұндай қадамға баруға мәжбүр болдым. Монро, шын мәнісінде, өзге елдің адамына біздің еліміздің стратегиялық жоспарын оп-оңай айтып бере салатын еді, ал біз бұған жол бермеуіміз қажет болды», - дейді Норманд Ходжес.
Мэрлин Монро 1962 жылдың 5 тамызында көз жұмды. Ходжестің айтуынша, ол актриса ұйықтап жатқан кезінде оның пәтеріне кіріп, Монроға седативті препараттың үлкен дозасын уколмен салған, нәтижесінде актриса көз жұмған екен.
Нормандтың бұл мәлімдемесінен кейін ФБР тергеу жұмыстарын бастап, Норманд Ходжестің өзін қамауға алыпты. Алайда бұл қылмысты білетін жалғыз куәгер Джеймс Хейворт 2011 жылы көз жұмған, сондықтан да бұл іске қатысты тергеу жұмыстары тым баяу жүруде.
«Қамшы» сілтейді