Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРТТАРҒА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР

ҚАРТТАРҒА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР


Қарт адамның тілеуі – перзентінің амандығы. Өле-өлгенше баласының қамын ойлап өз өмірінің өтіп кеткенін де байқамай қалады. Перзенттің ата-анасының алдындағы парызы қарттарға бар жағдайын жасау. Ата-баба дәстүрінің өзі солай...
Мемлекет тарапынан арнайы кешенді жоспар да әзірленіп, біздің аймақта «Егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар» бекітілді. Кешенді жоспардың негізгі бөлімдерінің бірі «Егде жастағы азаматтардың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар». Аталған бағдарламаға сәйкес ауданда емхананың күндізгі станционар бөлімшесінен «Қарттар мектебі» ашылып, былтырдан бері кабинеттегі мамандар аудан қарттарымен жұмыс істейді.
Қарттар мектебінің дәрігері – терапевт Қайрат Ерманов: – Егде жастағы қарттардың жасы ұлғайған сайын денсаушылығы да болмайды. Бұл ең алдымен дене белсенділігінің төмендігіне, дұрыс тамақтанбауына, ұйқысының бұзылуына байланысты. Біз дәрігер ретінде егде кісілерге зиянды әдеттердің әсері туралы айтып, кеңес береміз. Мамандарымыз қарттармен бірге жаттығулар жасап, салауатты өмір сүру қағидалары жөнінде түсіндіреді. «Өзін-өзі бақылау» күнделігі толтырылады. Осы күнге дейін, әсіресе, қарт кісілер көп баратын жерлер – «Қазпочта», «Халық банкі», ХҚКО-ы, емханада «Обырсыз өмір», «Жас ұлғайғанда дұрыс тамақтану» акциялары кең көлемде өтті, –деді.
Шын мәнінде адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтану түрлі аурудың алдын алудың жолы екені белгілі. Шетелдік қарттар үнемі көкөністермен тамақтанып, өмір сүру сапасын арттырады. Біздің ұлтымызғы бұл жат әдет дегенімізбен, соңғы жылдары жүрек, қан қысымы ауруларының көбейгенін ылғи асқазанға ауыр тамақ тұтынатынымызбен байланыстырып, дәлелдеген дәрігерлер.
Сондай-ақ майсыз тамақты таңдау, тәулігіне тұтынатын тұз мөлшерін айзайту ұзақ өмір сүрудің кепілі. Жалпы көкіністер – иммундық жүйені күшейтеді. Тағы бір қарттарымыз үшін кеңес – бұл дене салмағын бақылау. Қарттық жастағы адамдар үшін артық дене салмағы көп ауруларды қоздыратын күшті фактор. Әр адамға дене салмағын бақылау немесе белдің көлемін анықтау маңызды. Сондықтан өз салмағыңызды дұрыс анықтау үшін төмендегіні назарыңызға алыңыз:
– Дүйсенбіден басқа күні аптасына бір рет өлшену керек.
– Таңертең аш қарынға, ішті босатып барып өлшену керек.
– Дәретханаға бару үшін бөлме темперетурасындағы ешқандай қоспасыз бір стақан газдалмаған су ішуге болады, су ішкен соң 25 минуттан кейін ғана өлшенуге болады.
– Жеңіл киіммен өлшенген дұрыс.
Жоғарыда айтқандай қарт адамның денсаулығы дене белсенділігіне байланысты. Ал, хал-жағдайы, көңіл-күйі, ұйқысы, тәбеті жақсы егде адамға ешқандай медициналық көмектің қажеті жоқ.
Жалпы егде жастағы азаматтардың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге  бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 65-80 жас аралығындағы аға буын өкілдеріне  тіс протезіне мұқтаждарының тізімін нақтылау және тегін тіс протездерімен қамтамасыз ету туралы айтылған. Қарттар үшін қуанарлық жағдай. Зейнетақысын дәрі-дәрмекке жұмсайтын егде жастағылар тіс протезіне мұқтаж екені де белгілі. Сондықтан қарттарымыздың лайықты өмір сүруіне тағы да бір жақсы қадам жасалмақ. Әрине, бұл алдағы жылдардың еншісіндегі мәселе екенін ескергеніміз жөн.

Б.ЖАНӘЛІ
25 қыркүйек 2018 ж. 1 166 0