Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖРВИ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕН 1,3 ЕСЕГЕ ТӨМЕН

ЖРВИ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕН 1,3 ЕСЕГЕ ТӨМЕН

Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда департаментінің 8 айда атқарған жұмыс қорытындысы мен алға қойған міндеттері тақырыпқа тамызық болды.
Департамент басшысының айтуынша, осы жылдың 8 айында облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 11166 жағдайы есепке алынған. Ол 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 1458,81 құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға жоғарлап отыр. Республикалық деңгейден 1,3 есеге дейін төмен.
– Зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруының 123 жағдайы есепке алынды. Тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алуға қаражат бөлінеді.
2017-2018 жылдары эпидмаусымға бөлінген қаражат көлемі 19,4 млн. теңгені құраса, 2018-2019 жылғы эпидмаусымына қаражат көлемі 3,4 есеге дейін ұлғайып, 66,5 млн. теңге теңгені құрады (88300 доза вакцина).
Бүгінгі таңда тұмауға қарсы екпелерді жүргізуге Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы пайдаланылады, - дейді департамент басшысы.


https://syr-media.kz/
19 қыркүйек 2018 ж. 904 1

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 11:16
Isotretinoin isotretin best website Fast Sildenafil Citrate New York Buy Viagra Online In Ireland viagra Cialis Prix Belgique Get Macrobid Canada Aurora Cialis Nabp Certified Online Pharmacy