Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

АУЫЛ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ


Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Прокопенко Леонид Андреевич Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылына іссапармен келді.
Іссапар аясында Леонид Андреевич ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
«Республика бойынша ең үздік ауыл» атанған елді мекеннің дамуына жоғары баға берген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған жұмыстарды өзге өңірлерге үлгі ету керектігін айтты.
Сонымен қатар, ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен, өзге этнос өкілдерімен, қоғамдық келісім кеңесінің өкілдерімен және ардагерлермен кездесу өткізді.


Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі.
17 қыркүйек 2018 ж. 945 0